22 қаңтарда колледж акт залында студенттермен заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында Атырау қаласы прокурорының орынбасары Н. Абилов жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, олардың салдары және алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, заңға бағыну мен жауапкершіліктің маңызын түсінді.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.