Жас мамандар мектебінің жоспары аясында өткен «Үздік жас маман» байқауы – жас ұстаздардың кәсіби шыңдалуына, жаңа идеяларын жүзеге асыруына және өз әлеуетін танытуына жол ашқан маңызды шара болды.
Байқаудың мақсаты – жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау, ұстаздық жолға үлкен жауапкершілікпен қарауға көмектесу, мәдениеттілік пен іскерлікке баулу.
Байқау кезеңдері:
• Өзін-өзі таныстыру
• Шығармашылық жобаларын қорғау
• Бейне сабақ пен сабақ жоспарын әзірлеу
• Ситуациялық сұрақтарға жауап беру
Қорытынды нәтижелері бойынша үздіктер анықталып, келесідей номинациялар берілді:
• «Инновациялық идея авторы» – Тышқанбаева Алтын
• «Жаңашыл ұстаз» – Халықберген Асел
• III дәрежелі диплом – Жаңабайұлы Нұрдаулет
• II дәрежелі диплом – Ғалымжан Дана
• I дәрежелі диплом – Абилхан Ани
Байқауға қатысқан жас мамандардың үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен келгендері қуантады. Бұл олардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарының жарқын жетістікке бастайтынын дәлелдейді.
Әрбір жас маманның бүгінгі еңбегі – ертеңгі табыстың кепілі. Біз сеніммен айта аламыз: болашақ білімді, жаңашыл, жауапты ұстаздардың қолында!