Колледжде «City & Guilds» халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімінің стандарттарына сәйкес «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқыту курсы өтті. Қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілді.
Бағдарламаға қатысушылар 7 модуль бойынша практикалық түрде сабақтарын қорғап, 3-ші кезеңді сәтті аяқтады.
Алдағы уақытта 4-ші кезеңге өту бойынша білім алушылармен дайындық жұмыстары жүргізілмек.