Колледжде жаңа жылдық мерекелік шара «Қызық премия» форматында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған формат колледж оқытушыларының мерекелік көңіл күйін қалыптастыруға және ұжымдық белсенділікті дамытуға бағытталды.
Шара барысында колледж директоры барлық ұжымды мерекемен құттықтап, білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін колледж қызметкерлерін медальмен, құрмет грамоталарымен,сондай-ақ, алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара концерттік бағдарламамен, музыкалық номерлермен және интерактивті элементтермен толықтырылды.
«Қызық премияға» ие болған әріптестерді құттықтаймыз! Жаңа жыл жақсылығымен келсін!