Колледжі базасында 12–15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған екі апталық "Skills Camp" жазғы лагері табысты өтті. Шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
🔝 Лагерьдің мақсаты – оқушыларды IT және инженерия негіздерімен таныстырып, жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
📍"Skills Camp" – жазғы демалысты тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған ерекше мүмкіндік. Балалар тек жаңа білім алып қана қоймай, болашақта қажет болатын маңызды дағдыларды меңгерді.
🔝 Екі апта ішінде облыстың әртүрлі мектептерінен келген 15 оқушы:
• INVENTOR бағдарламасы арқылы 3D модельдеу негіздерін үйренді,
• Multisim бағдарламасында схемотехника негіздерімен танысты,
• Мобильді робототехника бойынша мастер-класстарға қатысты,
• Графикалық және арт-дизайнда өз қабілеттерін байқап көрді,
• Мобилография аясында телефон арқылы креативті контент жасауды үйренді,
• Топтық жобалар жасап, командамен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытты,
• Жаңа достар тауып, жаңа ортада еркін әрекет етуді меңгерді.
🔰 Білім беру бағдарламасын облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия және "Атырауойл" ЖШС өндірістік базасына экскурсия толықтырды. Бұл жерде оқушылар нағыз өндірістің жұмысымен танысып, мұнай саласының мамандарымен жүздесті.
⚜️ Көптеген қатысушылар лагерь олардың болашақ мамандығын таңдауға көмектескенін және инженерлік пен IT саласына деген қызығушылықтарын оятқанын айтты.
Лагерь барысында колледждің оқытушылары мен волонтер-студенттері тәлімгерлік танытып, білімдерімен бөлісіп, балаларды ынталандырып отырды.
📚 Лагерь соңында кейбір қатысушылар болашақта дәл осы Политехникалық колледжге оқуға түсуге ниетті екенін білдірді.
📍 "Skills Camp" жазғы лагері жас таланттар үшін тамаша бастама болып, олардың алдына жаңа көкжиектер ашты және әрі қарай білім алуға шабыт берді.