Бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ Атырау мұнай құбырлары басқармасының жетекші инженер-технологі Ізғалиев Төлеген Асқарұлы мұнай бөлімінің студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Тақырып:
“Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану және тасымалдау жүйелерінің заманауи үрдістері”
Дәріс барысында студенттер төмендегі маңызды мәселелер бойынша терең білім алды:
Мұнай тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері;
Құбыр желілерін техникалық қадағалау және жөндеу әдістері;
Энергия тиімділігі мен автоматтандыру жүйелерін енгізу;
Өндірістегі экологиялық қауіпсіздік талаптары.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, нақты өндірістік жағдайлармен танысты.
Мұндай кездесулер білім мен тәжірибені ұштастырып, сала мамандарының көзқарасын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Ізғалиев Төлеген Асқарұлына құнды тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз