Бүгін біздің колледжде ерекше білім сайысы өтті – SMART BATTL!
Бұл сайыс «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «Радиоэлектроника және байланыс» және «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері арасында өтті.
Сайыс мақсаты:
✓ Энергетика және радиоэлектроника, автоматтандыру және басқару мамандықтары студенттерінің білім деңгейін бағалау, практикалық дағдыларын қалыптастыру
✓ Шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын және топтық жұмысты дамыту.
Студенттер өз салалары бойынша білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және практикалық дағдыларын сынға салды. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:
• Теориялық тапсырмалар
• Практикалық дағдылар
• Интеллектуалды викторина
• Студенттердің шығармашылық жұмыстары

Студенттер жұмысын бағалауға серіктес кәсіпорын «Jusan Mobile» АҚ, «АтырауЖарық» ЖШС, Атырау кабель зауытының өкілдері қатысты.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапатталды!
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, болашақ мамандар екенін дәлелдеді. Студенттер жұмыстарының нәтижесін бағалаған кәсіпорын өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
Бұл сайыс студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс жасауға және креативті ойлауға жетеледі.
Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!