Бүгін «Silleno» ЖШС департамент директоры Денис Вениаминович Козырев, мамандармен жұмыс департаментінің басшысы Г. Н. Достанова колледждің педагогикалық құрамымен кездесті.
«Silleno» ЖШС - Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасының операторы, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының мүшесі. Кәсіпорын Қарабатан арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасады, жоба қатысушылары – "ҚазМұнайГаз" (40%), «СИБУР» (30%) және «Sinopec» (30%).
Д.В. Козырев компанияның бүгінгі тынысымен, таяу уақыттағы перспективалық жоспарымен таныстырды. Оның ерекшелігі, болашағы, экологиялық әсері, көрші елдермен байланыстары туралы баян етті.
Қазір зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Белгіленген жоспар бойынша оның құрылысы 2028 жылы аяқталмақ. Олай болса, болашақ зауыт мамандарын қазірден бастап жинақтап, кәсіби маман ретінде даярлау – басты міндет! Мамандар қажеттілігін колледж ұжымымен бірлесе отырып қанағаттандыру, педагогды тағылымдамадан өткізу жұмыстарында қолдау көрсететіндігін айтып, өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында екі тарапта ынтымақтастықты кеңейту, мамандарды даярлау сапасын арттыру және бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдайтындықтарын білдірді.
Sileno компаниясымен серіктестігіміздің арта түсуі — колледж студенттері үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер мен тәжірибе алу жолдарын ашу!
Біз үшін сапалы кадр даярлау — тек кәсіби міндет емес, ел болашағына қосқан үлес деп білеміз!
Бұл — студенттеріміздің еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті маман болып шығуына үлкен мүмкіндік.