Бүгін колледжде кәсіптік бағдар беру мақсатында қала мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында "TeenagerSkills-2022" байқауы өтті . 4 команда қатысты. Әр команда 3 қатысушыдан және өз командасының жанкүйерлерінен тұрды. Байқаудың мақсаты теориялық және практикалық білім деңгейі мен алдағы міндеттерді шығармашылық шешу қабілеті бойынша үздік оқушыларды анықтау болды.
Байқаудың негізгі бағыттары:кәсіби ағарту
кәсіби диагностика
таңдалған мамандықтарға кәсіби кеңес беру.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және IT бойынша колледждің құзыреттілік орталығында дайындалған брендтік өнімдермен марапатталды.
Міне, біздің жеңімпаздар:
1-орын №24 орта мектебі
2-орын Ә. Молдағұлов атындағы орта мектебі
3-орын №34 мектеп гимназия
Барлық қатысушыларға рахмет! Болашақта Политех студенттерінің қатарын толықтырасыз деп үміттенеміз.