Бағыты: политехникалық
Жобалық қуаты: 960
Мамандықтар саны –18
Бас лицензия № KZ 53LA00012536 24.07.2018 ж
Колледж миссиясы – Жаңа инновациялық технология және оқытудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін  енгізу арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды дайындау.
Негізгі мақсаты -   Колледждің білім беру траекториясын жүйелі модельдеу негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу»
Міндеттері:    
- жастардың кәсіби дамуына техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- жұмыс берушілер мен халықаралық тәжірибе талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту;
- кәсіптік және техникалық білім берудің инженерлік педагогикалық персоналының  кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау;
- инфрақұрылымды дамыту;
- біліктілікті арттыру, әдіснамалық шеберлікті және академиялық көшбасшылықты, корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы қызметкерлер мен студенттердің кәсіби өсуін қолдау     
- басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді зерттеу және оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын: дуалды, модульдік және кредиттік оқыту жүйелерін енгізу арқылы халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау
- еңбек нарық сұранысы негізінде білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету
- түлектерді жұмысқа орналастыру және колледж имиджін арттыру мақсатында облыстың жұмыс беруші ұйымдарымен жұмысты жалғастыру, байланысты қолдау
Жалпы ауданы:
1. Оқу корпусы (бейімделген)-  ауданы  – 5887 м2.
2. Шеберхана ауданы (бейімделген)- 706,3 м2
 Стратегиялық жоспардың орындалуы: 2019 жылдың 2 сәуір күні №5 педагогикалық кеңес шешімімен 2019-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бекітілді.
 Стратегиялық жоспардың орындалуы: 2019 жылдың 2 сәуір күні №5 педагогикалық кеңес шешімімен 2019-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бекітілді.
Жетістіктері: 
- 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша «Тalap» холдингі КЕАҚ ҚР колледждері рейтинг қорытындысы бойынша 131 колледждің ішінен 3 орында, Атырау облысы бойынша - 1 орынды иеленді;  
- 2020 жылы Республикалық "Жас маман" жобасының қатысушысы
- 2018 жылы 10 мамандық бойынша халықаралық институционалды және мамандандырылған аккредитациядан өтті;
- 2017 жылы сапа менеджмент жүйесі– iso9001-2015 енгізілді, 2020 жылы ресертификацияланды;
- «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасымен 72 білім алушы оқиды;
- Өндірісте және шет елдерде оқытушылар тағылымдамадан өтіп, кәсіби шеберліктерін шыңдаған(США, Германия, Австрия, Сингапур, Турция, Ресей, Белоруссия, Ұлы британия, Франция, Малайзия, Финляндия);
- 2019 жылы инвесторлармен серіктестік жол картасын іске асыруда тжкббді дамыту және жетілдіру үшін ҚР үкіметі мен шетелдік инвесторлар кеңесі негізінде ТМК «Казтрубпром» компаниясымен бірлесе отырып, колледждің базасында мұнай-газ саласы бойынша колледж базасында құзыреттілік орталық(центр компетенции) ашылған. Құзіреттілік орталықта 30 астам Нұр-сұлтан, Ақтау, Атырау қалаларындағы «Қазмұнайгаз» АҚ-ң  қызметкерлері, Жылыой мұнай газ технологиялық колледждерінің оқытушылары мен студенттері біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
- 4 оқытушы KAZENERGY Ассоциясының республикалық конкурсының С.Өтебаев грантының иегері (2012, 2014, 2015жж);
- 4 оқытушы Республикалық «Үздік педагог-2013, 2015, 2016, 2017» номинациясының жүлдегері;
- 5 оқытушысы ««Тalap» » холдингі КЕАҚ штаттан тыс тренері,
- 8 оқытушы республикалық әдістемелік сараптау комиссиясының эксперттері;
- 2019,2020,2021 жылдардың қорытындысы бойынша 19 студент Республикалық «Топ-100» үздік студенттер қатарына енді.  
