«Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК-ның 2025-2026 оқу жылына оқуға қабылдау ЕРЕЖЕСІ
1.1 Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК – ның (бұдан әрі – Жоғары колледж) оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің 2022 жылғы 11 қазанындағы № 420 бұйрығына (өзгерістермен) енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес әзірленді.
1.2 Жоғары колледжіге негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі бар (жоғары кәсіптік), Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.
1.3 Жоғары колледжіге оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.
Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы беріліп және (немесе) білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.
Қабылдау квотасының мөлшері "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығымен (бұдан әрі – № 261 бұйрық) бекітілген:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
10) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз.
Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы Жоғары колледж басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына жалпы басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, әңгімелесу даярлығын және жүргiзiлуiн ұйымдастырады.
Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба Жоғары колледжінің мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
2.5 Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша ТжКОББ ұйымына білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, рухани (діни) білім беру ұйымдарына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік (жұмыс біліктілігі), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсушілерді мамандықтың бейініне сәйкес оқуға қабылдау ТжКОББ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Жобалық мүмкіндік "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 381 бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша Жоғары колледжіге мемлекеттік тапсырыс бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
2.8 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушы:
1) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – Портал);
2) шетелдік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлектері үшін ТжКОББ ұйымдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) алады.
Бұл ретте, Портал арқылы өтініш бергенге дейін өткен жылдардағы түлектер балдарды автоматты түрде есептеу үшін білім беру ұйымдарында білім туралы құжатты цифрлық форматқа ауыстыруға тиіс.
Құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш" қағидаты бойынша "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға құжаттарды беру кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" және "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін өтініш бере алады.
Бұл ретте, "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген), "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ""Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Өтініште көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну нәтижелері ТжКОББ ұйымына қабылдау қорытындылары бойынша ұсынылатын болады.
Көрсетілетін қызметті алушы қабылдау қорытындысы бойынша күнтізбелік 3 күн ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа қол қояды. Шартқа қол қою туралы SMS-хабарлама mGov мобильді қосымшасының Bilim сервисінде жіберіледі.
2.9 Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
2.14 Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2.20-1 Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша Жоғары колледжіне түсетін талапкерлерді іріктеу кәсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) өкілдерінің қатысуымен Жоғары колледждің қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесудің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
тиісті құжатты күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі.
негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:
ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС
Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;
БС-бағалар саны;
жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:
ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2)/БС
Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;
МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;
БС-бағалар саны;
ҰБДБ ақпараттық жүйесі автоматты түрде бөлу арқылы білім басқармасына ТжКОББ ұйымдарына қабылдау үшін талапкерлерді бөлу қорытындыларын:
1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі бойынша;
3) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін жүргізіледі.
1) оқудың күндізгі нысанына-әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;